Бүгін кешкі сағат 20:50-де «Qazaqstan» телеарнасы «COVID-19: Карантин» деректі фильмін көрсетеді. Бұл туралы «Qazaqstan» РТРК» АҚ төрағасының орынбасары Илхам Ибрагимов өзінің Фейсбук парақшасына жазды.
«Жобада Қазақстанның әлемдік пандемияға қарсы жүргізген іс-қимылдары, азаматтардың денсаулығын қорғау мен сақтаудағы кешенді жұмыстары, төтенше жағдай режимі кезіндегі сақтық шаралары, еліміздің дағдарысқа қарсы жасаған нақты әрекеттері көрініс табады. Басты мақсатымыз – уақытпен санаспай, алғы шепте жүрген дәрігерлер мен қауіпсіздік саласы өкілдерінің еңбегін жеткізу. Үйден шықпай, індеттің таралмауына үлес қосқан қарапайым азаматтардың да өзгерген өмірі көрсетілетін болады», - дейді ол.