«Талдықорған» индустриалдық аймағында «Жетісу Мажико» агрокешені жұмысын бастады. Зауытта өсімдік майын алу үшін соя, жүгері, рапс, күнбағыс сияқты майлы дақылдар өндіріледі.
Жоба еліміздің индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 500 тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдеуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, кәсіпорында Германияның заманауи жабдықтары қолданылады. Онда тұқымды өңдеудің экструзиялық технологиясы енгізілген, бұл алынатын өнім сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орнын ашылып, отандық шаруалардың жүктемесі қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта қызметкерлер санын 350-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Кәсіпорын өнімдер Қазақстан аумағында сатылады. Алдағы уақытта өнімді экспортқа шығару мәселесі пысықталады.
Сонымен қатар, кәсіпорын өндіріс қуаттылығын арттыруды мақсат етіп отыр. Мысалы, 2021 жылы қуаты 20тн/сағ құрама жем комбинатын және 50 000 тонна астық қоймасын салу жоспарда бар. Ал 2024 жылы майды терең тазалау және сатылымға түсетін ыдысқа құю цехтарын, сондай-ақ маргарин және майонез өнімдерін шығару цехы құрылысын жүргізу жоспарланған.
Қазіргі уақытта Алматы облысында өңірлік маңызы бар 3 индустриалдық аймақ жұмыс істейтінін айта кету керек, олар:
- «Талдықорған» индустриялық аймағы;
- Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриялық аймағы;
- Іле ауданындағы «Береке» индустриялық аймағы.
2007 жылы Талдықорған қаласында тамақ және химия өнеркәсібін, құрылыс индустриясын дамыту мақсатында «Талдықорған» индустриялық аймағы құрылды. Инвестициялық жобаларға бөлінген индустриялық аймақтың жалпы ауданы – 55 гектар. Индустриялық аймақ жолдармен, инженерлік желілермен және басқа да инфрақұрылымдармен толық қамтамасыз етілген.
Бүгінгі таңда «Талдықорған» индустриялық аймағында екі жоба жүзеге асырылуда: ет комбинатының құрылысы және пектин және құрғақ жем өндіретін зауыт құрылысы. Бұл жобаларды 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған.