• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Мамыр, 2020

Мұнай бағасы қырық құбылып тұр

499 рет
көрсетілді

Әлемдік нарықтардағы мұнай бағасы қырық құбылып тұр. Енді алдағы уақытта баға бұрынғыдай болмайтынын әлемдік қаржы институттары ескерте бастады. Араб елдері экономикасын әртараптандыруды осыдан бірер жыл бұрын бастап кетті. Тіпті БАЭ өткен аптада киноиндустрияда бағын сынамаққа ниетті екенін танытты.

Сарапшылар осыған дейін импортқа тәуелділік немесе экономиканы әртараптандыру уақытты керек ететінін айтып келген. Бірақ мұнай бағасы дағдарысымен қоса қабаттасып келген пандемия екі өкпеден қысқан жекелешеген елдер кез келген мүмкіндіктің жалына жармаса бастағанын көріп жүрміз.

«Біз алдағы уақыта мұнайға басымдық берген экономиканы таңдаймыз ба, әлде кез келген мүмкіндіктің жалына жармасамыз ба?» деген сұрақ бар қоғамда. Үкіметтің  ұстанымы белгілі. Біз сарапшылармен сөйлесіп, олардың да пікірін білдік.         

Экономист, Parlink Consulting басқарушы серіктесі Берлин Иришев  мұнай өндіру құны әлемдік нарықтардағы бағасынан гөрі қымбат болған кезде, мұнай болашағына сеніммен қарау дұрыс емес екенін айтады.  Мұнай инесі деген тәуелділіктен арылуға әрекет етуіміз керек.

«Енді мұнай бағасы қымбаттайды деген үмітпен өмір сүруге болмайтын баяғыдан бері айтып келеміз. Енді баға арзандамаса, қымбаттамайды.

Бес жыл бұрын мен осы тақырыпта ой қозғап,  экономиканы әртараптандыруға шақырдым.  Мұнайдан кейінгі өмірді ойлау керектігін ескерттім», дейді Берлин Иришев.

Экономист Қазақстан қандай жолы таңдайды деген сұраққа бір жақты жауап беру қиын екенен жасырмады. Егер, инновациялық технология десек, бұл салада маман тапты. Әрине, білікті мамандар тапшы. «Қазір барлық салада алға озып кеткен Қытайдың білім жүйесі, ғылым деңгейі КСРО мен салыстырғанда көп кейін еді.  Қазір көрші елдің  ұшақтар мен зымырандарға дейін өз елінде шығара алатынын көріп отырмыз. Біз «планшеттік» ойлау деңгейінде қалдық» дейді сарапшы экономист.

Қазір Жібек жолы бойында инфрақұрылымды дамыту арқылы алға жылжимыз, нарықтағы үлесімізді аламыз деген пікірді жақтайтындар көп.

Б. Иришевтің түсіндіруінше, бұл нұсқаны дамудың бір жолы деп қарастыруға болады. Қазір Қытай мен Батыстың мүддесі осы бағытқа байланысты болып тұр. Батыс та өз жобасы арқылы Орталық Азияны Қытайдың экспансиясынан сақтап қалғысы келеді. «Бізге жеңіл индустрияны дамыту керек. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы индустриясына басымдық берсек, ұтылмаймыз. Соңғысы біздің экспорттық мүмкіндігімізді әртараптандырады. Бірақ бұл бағыт та оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Уақыт керек және қосымша инвестициялық капитал керек», деп сөзін түйіндеді Б. Иришев. 

Келесі сарапшы Олжас Тілеуов қазіргі дағдарыс Қазақстан үшін алғашқысы да, соңғысы да емес екенін айтты.  Қазақстанның  пандемиядан кейін қысқа мерзім ішінде мұнайға тәуелділіктен арылуға мүмкіндігі бар. Бұл үшін   институционалды өзгерістер керек. 

«Сонымен бірге, менің ойымша, болашақта елді «жаңа мұнаймен» қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жалғыз бағыты - білім, ғылым және технология. «Жаңа мұнай» адам капиталы болуы керек. Мен Пол Ромердің ғылыми және технологиялық потенциалға инвестициялардың ұлғаюына негізделген эндогендік экономикалық өсу теориясын қолдаймын. Осы теорияға сәйкес, адами капиталдың сандық және сапалық параметрлерінің артуы инклюзивті экономикалық өсуді қалыптастыруға ықпал етеді, бұл жағдайда тауарлар мен қызметтердің өндірісін ұлғайту үшін материалдық емес активтерге көбірек материалдық емес активтер қажет. Айтпақшы, Қазақстан соңғы жылдары өз экономикасының даму моделін инклюзивті өсу жолымен қайта құруға тырысуда» деп сөзін түйіндеді Олжас Тілеуов.