Төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, бірқатар өңірде карантиндік шектеулер сақталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.
- Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысын өткіздім. Бұл комиссия Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия болып қайта құрылады. ТЖ режимі аяқталды, бірақ бірқатар өңірде карантиндік шектеулер сақталады, - деп жазды Президент.