Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин талаптарының қалай жеңілдетілетінін айтып берді.
«Біз жеңілдету кезеңдерін эпидемиологиялық жағдайға байланысты үш кезеңге бөлдік. Егер бір апта ішінде ауру саны жеті пайыздан аспаса, бірінші кезең өтеді. Жұмсартудың екінші кезеңі ауру жұқтырудың өсуі апта ішінде жалпы ел бойынша, сондай-ақ әрбір өңірде бес пайыздан аспаған жағдайда басталады, себебі әрбір өңірде өзінің сценарийі бойынша барлығы өтетін болады. Ал үшінші кезең ауру деңгейі аптасына екі пайыздан аспаған кезде енгізіледі», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.