2020 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда 216784 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8%-ға кеміді. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3929,5 мың бірлікті құрады.
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда 3959 адам зардап шеккен 2740 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 3,9%-ға кеміді.