• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Онлайн форматта шығармашылық сайыс өтті

279 рет
көрсетілді

Облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы наркология орталығының емделушілері арасында «Мен саған өз өмірім жайлы айтып беремін» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттап, жаман әдеттен аулақ болуға үндейтін шығарма жазу байқауына  20 емделуші қатысты.

Олардың арасында жалпы өмірбаянын жазумен шектеліп қалғандар да кездесті, өз өмірінде жасаған олқылықтары жайлы баяндағандар да жоқ емес.

Кейбір шығарма авторлары болмашы қиындыққа күйреп, тіршілігін ішімдікке, есірткіге тәуелді еткеніне өкінеді.   

Көпшілігі ішімдік пен есірткі тырнағына ілінгенге дейін бақытты өмір сүргенін енді түсінгенін жеткізген. «Бақыт деген отбасыңның жанында болып, жамандықтан аулақ жүру» деп байлам жасағандар да бар.

Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.