• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Туризм 13 Мамыр, 2020

Коронадағдарыс қазақ туризмін теңселтіп жіберді

804 рет
көрсетілді

COVID-19 пандемиясы Қазақстанда да, бүкіл әлемде де туризм индустриясына тікелей әсер етті.

Туризм саласында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпкерлерге дағдарыстан шығу үшін мемлекеттік қолдау қажет. ТЖ енгізілген сәттен бастап ҚТҚ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша туристік қауымдастықтың ұсыныстарын шоғырландыра отырып, ҚР Үкіметімен жүйелі жұмыс жүргізуде. Ұсыныстардың бір бөлігі мемлекет тарапынан құпталды, бірақ ұсыныстарды қабылдау жеткіліксіз шара болып табылады. Сондықтан ҚТҚ ҚР Үкіметімен жұмыс орындарын сақтауға және туристік бизнесті қолдауға ықпал ететін нақты құралдарды әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қазіргі уақытта туристік нарықтың қатысушылары 57 елдің азаматтары үшін визасыз режімді 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтату, сондай-ақ ҚХР мен Үндістан азаматтары үшін Қазақстанда 72 сағаттық визасыз транзиттік режимді тоқтату туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі қаулысының қабылдануына алаңдаулы.

Өткен жылдары визалық режимді ырықтандыру мақсатында, Қазақстанға кіруге электрондық визаларын енгізу үшін ҚР Үкіметі қабылдаған жүйелі қадамдар елге туристік ағынның ұлғаюына ықпал етті, осылайша шетел валютасының бюджетке түсуін ынталандырды.

Туристік нарықтың қатысушылары осындай қиын кезеңде шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына визасыз кіруін шектеу шараларын Қазақстан туризм индустриясы үшін зиянды деп санайды.

Қазір шығу туризмі нарығы бүкіл әлем бойынша іс жүзінде бәсеңдеді. Көптеген туристік компаниялар ішкі және келу туризміне қайта бағдарланады және бұл дағдарыстан шығудың жалғыз жолы деп есептейді.

Қазақстанды әлемдік туристік нарықта туристік дестинация ретінде жылжытудың нақты құралдарының бірі ірі халықаралық көрмелерге қатысу және шетелдік туроператорлар мен блоггерлер үшін ақпараттық турлар өткізу болып табылады.

Қазір Еуропа мен АҚШ сияқты танымал дестинацияларда COVID-2019 үлкен таралуы аясында Қазақстанды туристік дестинация ретінде ілгерілету үшін қолайлы жағдай қалыптасты. Тиісті маркетингтік алға жылжу кезінде, біздің еліміз әлемдегі COVID-2019 қарсы күрес аяқталғаннан кейін шетелдік туристерді тарту бойынша тиімді позицияларға ие бола алады.

Туристік нарықтың қатысушылары Қазақстанның негізгі нысаналы нарықтарда маркетингтік алға басуы бойынша шараларды күшейтуді келесі жолдармен ұсынады:

1) 2020 жылдың соңына - 2021 жылдың басына жоспарланған ірі туристік көрмелерде ҚР Қоғамдық стенділерін ұйымдастыру: WTM Лондонда (2-4 қараша), IBTM Барселонада (1-3 желтоқсан),  ТМТЯ Ташкентте (қараша-желтоқсан),  OTDYKH MICE Мәскеуде (8-10 қыркүйек), SATTE India Делиде (қаңтар, 2021ж.) және т. б.;

2) 2020-21 жж. Ресей Федерациясы, Еуропа (Франкфурт, Париж, Лондон, Вена), Таяу Шығыс (Дубай, Эр-Рияд, Доха, Маскат және т. б.) қалалары бойынша роуд-шоу ұйымдастыру;

3) тек шетелдік туроператорлар мен турагенттіктер үшін ғана емес, тілшілер, блогерлер, MICE ұйымдары үшін, сондай-ақ отандық туристік компаниялар мен БАҚ үшін инфотурларды ұйымдастыру;

4) Ресей және Қытай нарықтарында онлайн көрмелері мен В2В вебинарларын ұйымдастыру.

Орталық Тянь-Шаньда туризмді ұйымдастыру үшін Қазақстан мен Қырғызстанның шектес аумақтарында халықаралық ынтымақтастық мәселесін талқылау қажет. Шекаралас аумақтардағы шекарааралық маршруттар бойынша ұйымдастырылған туристік топтардың өту тәртібі туралы Үкіметаралық келісімге қол қоюды көп жылдар бойы қырғыз тарапы кейінге қалдыруда.

Қазіргі коронадағдарыс жағдайында осы мәселеде екі елдің ынтымақтастығы Орталық Тянь-Шаньда тау туризмінің дамуына жағымды ықпал етер еді. Әлемдік статистикаға сәйкес тау туризмінің дамыған инфрақұрылымы бар елдердің ЖІӨ-дегі тау туризмінің үлесі туризмнің басқа түрлерінің ЖІӨ-дегі үлесінен есе асып түседі.