• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2020

Түркістан: Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып кетті

762 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Төлеби ауданында Қасқасу өзені арнасынан асып, ауыл арасындағы көпірлерді су шайып кетті. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

 

«13.05.2020 жылы сағат 17:05 шамаларында Төлеби ауданы, Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. 4 тана және 4 қой суға кетті. Екпінді ауылындағы 4 үйдің ауласына су кірді. Оқиға орнына ТЖД 36 жеке құрам, 5 матопомпа 3 дана техника жұмылдырылды. Өзеннің төменгі ағысында Тасарық, Қазақстан, Көксәйек, Зертас елді-мекендері орналасқан. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су тасу қауіпі және нөсер жауын жоқ» делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Одан бөлек қатты жауған жауынның салдарынан Леңгір қаласындағы тұрғын үйлердің ауласына су кірген.   «2020 жылғы 13 мамыр сағат 17:05 шамасында Төлеби ауданы, Қасқасу ауыл округіне қарасты Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауған жауынның салдарынан Леңгір қаласы М.Бишимбаева, Новостроевка көшесі, Қ.Дүйсемұратұлы көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Оқиға орнында аудандық әкімшіліктен 4 техника 20 адам,Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника, 4 жеке құрам, Төлеби су шаруашылығы МКК 2 техника 7 адам, «Жарық жолдары» 1 техника, 5 адам, №5 ӨСБ, №16, №32 ӨСБ 82 жеке құрам, 6 дана мотопомпа жұмыс атқаруда. Сондай-ақ Түлкібас ауданы төтенше жағдайлар бөлімінен Төлеби ауданына көмекке 2 техника, 20 адам, 5 мотопомпа жіберілді» делінген хабарламада.