• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Биыл Батыс Қазақстан облысында 4600 тұрғын үй салынады

132 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 523 мың шаршы метр немесе 4600 тұрғын үй салу міндеті тұр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Биылғы І тоқсанда салаға 7,1 млрд теңге инвестиция салынып, жалпы ауданы 77,5 мың шаршы метр болатын 568 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 487 жеке үй. 

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде батыс Қазақстан облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 18,6 млрд теңгеге 41 жоба іске асырылып, 845 адам жұмыспен қамтылады. 

Кредиттік немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 1763 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 12 жобаны іске асыру үшін 3,4 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 30,9 мың шаршы метр болатын 590 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 165 адам жұмысқа тартылады.  

Кредиттік тұрғын үй құрылысына 14 жобаны іске асыру үшін 13 млрд теңге қарастырылған. Оған 81,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1173 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. 

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 200 тұрғын үй қарызына 2 млрд теңге қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 15 жоба іске асырылады. Ол мақсатқа 2,2 млрд теңге қаражат бөлінеді. Аталған жобалар бойынша 210 жұмыс орны ашылады.