• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19 тағы төрт адамнан табылды

226 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 14 мамырда Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын тағы да төрт адамның жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ПТР-талдау COVID-19 диагнозын растаған науқастардың екеуі Қарағанды қаласынан. Оның біреуі 1988 жылы туған ер адам да, екіншісі 15 жастағы қыз бала. Сондай-ақ, ауырғандардың ішінде Бұқар жырау ауданының 1963 жылы туған тұрғыны мен Абай ауданында тұратын 45 жастағы әйел бар.

13 мамырдағы жағдай бойынша, Қарағанды облысында COVID-19  пандемиясын жұқтырудың 204 оқиғасы анықталған. Оның ішінде үш пациент  көз жұмды және 115 адам індеттен сауығып кетті. 

 

Қарағанды облысы