• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Әулиеаталықтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер берілуде

319 рет
көрсетілді

Бүгінгідей карантин кезеңінің әуелі экономика саласына салқынын тигізетіні анық. Десек те тұрақтылықты сақтау, дағдарысқа қарсы тұру мәселелері өзекті.

Бұл ретте Жамбыл облысында экономиканы, орта және шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ, бүгінгі қалыптасқан жағдайда халықты қолдау бағытында шаралар қабылданды.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің айтуынша, жұмыссыздықты қысқарту мақсатында өңір әкімдігі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жергілікті өнім берушілерді барынша тарта отырып, 61,2 миллиард теңгеге 831 жобаны іске асыратын болады. Бүгінде 95 нысанның құрылысы, 9 нысанға қайта жаңғырту, 72 нысанға күрделі, 395 нысанға ағымды жөндеу және ұзындығы 741 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде жұмыстар басталды. Онда 19,6 мың уақытша, 1 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны құрылады. 1,3 миллиард теңге салықтық түсімдер күтілуде. Сондай-ақ Қордай ауданында орын алған төтенше жағдай салдарын жоюға республика резервінен қосымша 2 миллиард теңге бөлінген. 498 уақытша жұмыс орны ашылады. Ауданның Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Бұлар батыр ауылдарындағы 96 көшенің жолдарын жөндеу жұмыстары басталса, Қарасай, Қарасу, Ауқатты ауылдарындағы 3 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтуде.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасымен қаралған 7,4 миллиард теңгеге 26 елдімекенде 109 жоба іске асырылады, 1287 жұмыс орны құрылады. 9 жаңа әлеуметтік нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы артады. Барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша «Еңбек» бағдарламасына бөлінген 16,8 миллиард теңгеге 33,2 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылады. 2 291 адам оқумен қамтылса, «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағытында 1326 кәсіпкерге 5,3 миллиард теңге шағын несие, 3346 адамға 1,8 миллиард теңге грант беріліп, 1602 адам бизнес-бастаумен оқытылуда. 15,3 мың адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылатын болса, 1168 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 4566 адам жастар практикасына жолдануда. Облыстағы 289 мыңнан астам адамға 42500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалды. 9433 отбасына, яғни 51462 адамға 1,5 миллиард теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның ішінде 9130 отбасына төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен 1-6 жастағы 12,2 мың балаға әлеуметтік топтамалар жеткізіліп, таратылды. 6-18 жастағы 19,1 мың балаға 5647 теңгенің азық-түлік-тұрмыстық жиынтық құрамы төленді. Бұл 108,1 миллион теңгені құрайды», деді Бекболат Орынбеков. Сондай-ақ елімізде төтенше жағдай жариялануына орай, 2 айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшерде 77,1 мың адамға 429,3 миллион теңге төленген. Nur Otan партиясы филиалымен бірлесіп «Birgemiz» қорынан Тараз қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы 7 санаттағы 16,8 мың адамға 50 мың теңгеден, барлығы 838,4 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Өз сөзінде Бекболат Орынбеков 9 мамыр – Жеңіс күніне орай өңірдегі 57 Ұлы Отан соғысының ардагері мен соғыс мүгедектеріне 1 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп отырғанын, 6813 адамды біржолғы әлеуметтік көмекпен қамту үшін 500 миллион теңге қарастырылғанын жеткізді. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыстағы басым емес бюджет шығыстары 2,5 миллиард теңгеге оңтайландырылды. «Орын алған төтенше жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың резервiн 10 пайызға дейін ұлғайту» үшін облыс резерві 2 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Экономиканы тұрақтандыру мақсатында облыста салықтық ынталандыру топтамасы жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 қазанға дейін 1674 шағын және орта бизнес субъектілері салықтан және еңбекақы төлеу қорынан алынатын әлеуметтік төлемдерден босатылды. Жалпы салықтық ынталандыру нәтижесінде облыс бюджетінің кірісі кемігелі отыр. Жергілікті бюджет кірісін толықтыруға республикадан 5,6 миллиард теңге қарастырылды. «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 08 сәуірдегі №299-VI Заңының негізінде  Жамбыл облысына республикалық бюджеттен қосымша 41 946,1 миллион теңге трансферттер қарастырылды. Бизнесті қолдау бағытындағы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2 миллиард теңге, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіруге 778,6 миллион теңге, грантқа 171 миллион теңге бөлінді. Кәсіпкерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін 5 жобаға 218 миллион теңге бөлінді. Бұдан 16,4 мың жұмыс орны сақталады. «Қарапайым заттар экономикасын» іске асыруда 68,2 миллиард теңгеге 91 жоба мақұлданды. 5234 жұмыс орны құрылады», деді ол.

Жалпы, ауылшаруашылық саласын қолдау мақсатында 20 миллиард теңгеден аса әртүрлі бағытта субсидиялар қарастырылған. Бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға облыстан 220 миллион теңге бөлінген. Көктемгі егіс жұмыстары өз қарқынымен жүруде. Ал, халықтың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба да өңір экономикасының өсуіне өзінің оң әсерін тигізуде. Бөлінген 7,2 миллиард теңгеге 2489 өтінім қаржыландырылып, толық игерілген. Оның 1 миллиард теңгесіне 192 бірлік техника сатып алынса, 11 ауылдық округте кооперативтер құрылып, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 125,9 миллион теңге және пай жерлерді пайдалануға 230,1 миллион теңге бөлінген.

«Оған тұқым, тыңайтқыштар, химиялық қорғау заттары алынды, 16 жылыжай салынды. 6,9 миллиард теңгеге 44,9 мың мал басы және мал азығы сатып алынды. 64,7 миллион теңгеге 12 жобада ауыл тұрғындарының жеке шағын кәсібі ашылды. Нәтижесінде, 8 мыңнан аса отбасының табысы қосымша 156 мың теңгеге артады. Ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 2 есеге өседі және 2459 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсәсіпкер ретінде тіркелетін болады. Мемлекеттік бағдарламалар шегінде бөлінген қаржы да экономиканың өсуіне әсерін тигізуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 8,9 миллиард теңгеге 23 жоба іске асырылып бастады, 990 адам жұмыспен қамтылады. 34,9 миллион теңге салық түсімі күтілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 26,4 миллиард теңгеге 151 жоба іске асырылып, 3326 адам жұмыспен қамтылып, 161,7 миллион теңге салық түседі. «Жамбыл облысын дамыту» бағдарламасы аясында 20,8 миллиард теңгеге 84 жоба іске асырылып, 1384 адам жұмыспен қамтылады, 61,6 миллион теңге салық түседі. Аталған шараларды атқару нәтижесінде облыста жалпы  58,7 мың адам белсенді шаралармен қамтылып, оның 52,5 мыңы жұмыспен қамтылады. 22,7 мың адам тұрақты жұмысқа орналасатын болады. 85 пайыздан аса, жергілікті 153 кәсіпорынмен өндірілетін, құрылыс материалдары пайдаланылатын болады. Жұмыстарға барынша жергілікті мердігерлер тартылуда», деді Бекболат Орынбеков.

Сондай-ақ ол инвестиция, құрылыс жұмыстарының, пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемінің артатынын, жалпы 4,4 миллиард теңге көлемінде салықтық түсімдердің түсуі күтілуде екенін, облыстағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 32,2 пайыздан 29,7 пайызға, нәтижесіз жұмыспен қамтығандар 4,3 пайыздан 4 пайызға төмендейтінін жеткізді.

 

Жамбыл облысы