Италияның ірі әуежайы жаңа технология — 7 метр қашықтықтан қозғалыс кезінде жолаушылардың дене температурасын өлшей алатын «ақылды» шлемді пайдаланып көруде. Адамның инфрақызыл бейнесі мен оның дене қызуының көрсеткіштері құрылғының ішкі экранында, оң жағында көрініп тұрады, ал сол көз жағы бос тұрады.
Аталған инновациялық шлемдерді қауіпсіздік қызметінің мамандары киіп жүреді. Осылайша, келіп жатқан, кезекте тұрған адамдарды байланыссыз тексере алады. Еске сала кетейік, Италия карантин режимін біртіндеп бәсеңдетіп жатыр. Мұнда 18 мамырдан бастап барлар мен мейрамханалар ашыла бастайды. Бұл елде коронавирусты жұқтырғандардың жартысынан көбі сауығып шықты. Жалпы, 222 мың адам қауіпті вирусты жұқтырған болса, олардың 113 мыңға жуығы жазылып шықты. Ал вирустың кесірінен көз жұмғандар саны — 31 106.