• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Мамыр, 2020

Үш айда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 101,2% құрды

433 рет
көрсетілді

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 101,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

2020 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3020,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,9% артық.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8720 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 5,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 6%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,6% артты.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 701,6 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,2% артты.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 666,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 5,5% артық.

Көлік саласы бойынша нақты көлем индексі 88,9% құрады.

Жүк айналымының көлемі 182,2 млрд т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2019 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,3%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 67,7 млрд. ж-км құрап, 25,9%-ға кеміді.

Байланыс статистикасы саласы бойынша нақты көлемі индексі 109,6% құрады.

Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі 91,1%-ды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 2874,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 88,2% құрады (салыстырмалы бағада).

Көтерме сауда көлемі 6261,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 93,2% құрады (салыстырмалы бағада).

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 21007 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,7% өсті, соның ішінде экспорт – 13908,5 млн. АҚШ долларын (4,2% көп), импорт – 7098,5 млн. АҚШ долларын құрады (0,1% аз).

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 450855 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 442233 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 316011 құрады, оның ішінде 307685 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы сәуірде 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,5%, азық-түлік емес тауарларға – 1,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы сәуірде 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,5% төмендеді.

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109376 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы наурыздағыға қарағанда 12,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,9%-ке артты.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 195 935 теңгені құрады.

ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы I тоқсанда 442,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы сәуірдің соңына 155,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,7%.