Биыл Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат жоқ. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.
«Биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр, бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ» деді ол.