Санжар Жәркешов «Нафтогаз Украина» ҰАК (Head of Upstream Exploration and Development) Кенорындарын барлау және игеру бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын С.С. Жәркешов Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, «Қазгеология» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.
Мұнай инженері, Остиндегі Техас университетінде (АҚШ) қаржыгер білімін алған, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті түлегі.
Санжар Жәркешов әлемнің 17 еліндегі инженерлік, өндірістік және басқарушылық 11 жылдық тәжірибеге ие.
Әр жылдары ол:
McKinsey and Company-де (Лондон) басқарушы кеңесші және мұнай саласындағы сарапшы ретінде, әлемдік ұлттық, трансұлттық корпорацияларды қайта құруға қатысқан. Merlin ERD (Перт, Шотландия) әлемдегі ең ұзын бұрғылауды жобалау және қолдау үшін. ExxonMobil Corporation-де 2010-2016 жылдарда АҚШ (Техас, Колорадо және Калифорния), Қазақстанда (Қашаған жобасы), Иракта (Күрдістан), РФ-да (Сахалин-1 жобасы) бұрғылау, ұңғымаларды салу бойынша жобалаушыдан бас инженерлікке дейінгі жолдан өткен. Техас, Остин қаласындағы Мұнай және геожүйе инжиниринг орталығы, химиялық технологияларды қолдану арқылы жетілген кен орындарынан мұнай мен газды шығаруды арттыру жобалары бойынша.2014 - С. Жәркешов бұрғылау бойынша әлемдік рекорд орнатты (Z-40 ұңғымасы, 13000 м, Сахалин аралы, Ресей Федерациясы).
2016 жыл - Бүкіләлемдік мұнай инженерлері қоғамының «Бұрғылау ісіндегі ерекше жетістіктері үшін» SPE сыйлығымен марапатталды.
2016 жыл - «Кәсіби Инженер/Chartered Engineer» британдық атағының иегері. Британдық механикалық инженерлер институтының басқарма мүшесі.
2017 жылы Ұлыбританияның мұнай өнеркәсібін дамытуға (Merlin ERD компаниясы құрамында) қосқан үлесі үшін Королева II Елизавета атындағы сыйлықпен марапатталған.