• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қыркүйек, 2013

Жалаулы жарыстар

188 рет
көрсетілді

Дзодо. Қазақстан дзюдодан ересектер арасындағы 2015 жылғы әлем чемпионатын қабыл­дайды. Халықаралық дзю­до фе­дерациясының 25 қыркүй­ек­тегі штаб мәжілісі тур­нирді Ас­танада өткізуге шешім шығарды.

Дзодо. Қазақстан дзюдодан ересектер арасындағы 2015 жылғы әлем чемпионатын қабыл­дайды. Халықаралық дзю­до фе­дерациясының 25 қыркүй­ек­тегі штаб мәжілісі тур­нирді Ас­танада өткізуге шешім шығарды.

Шахмат. Қазақстандық 13 жасар шахматшы Жансая Әбдімәлік (суретте) Түркияда 20-ға дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында күміс медальді жеңіп алды. Түріктің Ходжаели қаласында мәреге жеткен жаһан жастарының жарысының қорытындысында ол ресейлік Александра Горячкинадан бір ұпай ғана қалып қойды. Ал үшінші орынға таласқан Динара Сәдуақасова соңғы кездесудің нәтижесінде бұл мақсатына жете алмады.

Хоккей. ВХЛ чемпионатына қатысып жатқан Өскеменнің «Казцинк-Торпедо» командасы кеше Ангарск қаласында жергілікті «Ермак» клубын 4:3 есебімен ұтты. Өскемендіктерден Александр Шин (2), Антон Ка­зан­цев және Семен Кошелев мер­гендіктерімен көзге түсті. Осы ойыннан кейін 20 ұпай жи­на­ған Шығыс хоккейшілері топ ба­сындағы қалпын нығайта түсті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар