«Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі жеке тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан автомобильдер мен басқа да көлік құралдарын әкелу, тіркеу мерзімін үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзартты», деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Осылайша, автомобильдер мен басқа жабдықтарды уақытша әкелген азаматтар 30 қыркүйекке дейін ЕАЭО-дан кері экспорттау міндетінен және сәйкесінше әкімшілік шаралар мен кедендік төлемдерден босатылды.
Шешім осы жылдың 1 наурызынан 30 қыркүйегіне дейін туындаған немесе туындауы мүмкін істерге қолданылады.
Шешім азаматтардың ЕАЭО елдерінде коронавирустық инфекциямен күресу бойынша қабылданған шараларға байланысты өз құқықтарын жүзеге асыра алмауына және өз міндеттемелерін орындай алмауына байланысты қабылданды.