19 мамыр 09:05-тегі ахуал бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
COVID-19 вирусы өңірдің екі тұрғынынан — 1936 жылғы әйел адам мен 1990 жылғы ер адамнан табылды.83-жастағы әйел адам, Екібастұз қаласының тұрғыны, бұған дейін анықталған коронавирусты жұқтырған адаммен жақын қатынаста болған. 39,2 градусқа дене қызуы көтерілген, құрғақ жөтел, қалтырау, тамақ ауруы, жалпы әлсіздік пен ентігуге шағынған. Келесі адам ер азамат, Павлодар қаласының тұрғыны. Ол өздігінен, ақылы түрде Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РММ вирусологиялық зертханасында COVID-19 ға тестілеуден өткен. Толық дені сау жағдайында дене қызуы 37,7 көтерілген. Эпидемиологиялық зерттеу барысында облыс пен қаладан тыс жерге шықпағаны анықталды, инфекциялық аурулармен қатынасты жоққа шығарды.Екі жағдайда да COVID-19-ға зертханалық тексеріс вирусты жұқтырғанын көрсетті. Байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. Тұрғылықты жерлерінің пәтерлері мен дәліздерінде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.18 мамырдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 167 адам тіркелген.