Мыс саласында өндірілген кен көлемі 2019 жылы 119 млн тонна кенді құрады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Ең үлкен өндіру көлемі «KAZ Minerals» кәсіпорындарында - 94,7 млн тонна, Қазақмыс корпорациясы - 29,4 млн тонна және Ақтөбе Мыс компаниясы - 5,2 млн тонна.
Сондай-ақ барлық өндірілетін кеннен 477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді.
Сонымен қатар бүгінгі таңда Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауытында 1531 мың тонна концентрат өңделді. 2019 жылы 1 080 мың тонна мыс концентраты экспортталғанын атап өту қажет.