• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Коронавирус 19 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Мамырдың басынан бері COVID-19 жұқтырғандар саны екі есе азайды

233 рет
көрсетілді

Тұрақты эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұрын коронавирус инфекциясы бойынша шараларға тартылған елорданың медицина ұйымдарының негізгі қызметін қалпына келтіру басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

«460 провизорлық орын: Қалалық психикалық денсаулық орталығында – 4 мамырдан 90 орын; Орталық балалар ауруханасында, хирургиялық блок – 8 мамырдан 150 орын; №3 көпбейінді ауруханада – 12 мамырдан 120 орын, 16 мамырдан 100 орын бар», – деді Сәуле Қисықова.

Бұдан басқа, №2 қалалық емхана базасындағы обсервациялық емхана Нұр-Сұлтандағы барлық емханаларда провизорлық бөлімшелердің ашылуына байланысты өз жұмысын тоқтатты. 18 мамырдан бастап қонақ үй кешендерінің базасында ашылған карантиндік стационарлар 750 орынға арналған «Рамада Плаза» қонақ үйі жұмыс істейтін болады.

«Жалпы, мамырдың бірінші аптасында елордада 376 КВИ оқиғасы тіркелген, орташа өсім – 6,4%. Мамыр айының екінші аптасында 185 жағдай тіркелді, орташа өсім – 2,3%. Жағдайдың екі есеге азайғаны байқалады, өсім – 64%», – деп атап өтті С.Қисықова.

Қалада барлығы 1 287 КВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 683 адам стационарларда, 602 адам (46,8%) сауыққаннан кейін шығарылды, 5 өлім жағдайы тіркелді.

Өткен тәулікте 36 жаңа жағдай тіркелді (тіркелгендердің өсімі – 2,9%), оның ішінде 21-і жақын байланыста болған адамдар арасында, 9-ы стационарда жүрген адамдар арасында анықталды. Тағы біреуі өңірлерден (ТШО) келгендер арасында, 5 жағдай МСАК ұйымдарына өзі жүгінгендер арасынан анықталды.

Қалада 75 355 зертханалық зерттеулер (ПТР) жүргізілді. Тәулігіне 3 200 зерттеу қуаты бар 5 вирусологиялық зертхана жұмыс істейді. Жақында ғана тәулігіне 150 зерттеу қуаты бар № 3 КҚБА базасында тағы бір зертхана ашылды.

Бүгінде бекітілген тәртіпке сәйкес қаланың ұйымдары мен ведомстволары бойынша 35 904 экспресс-тест бөлінді. Оның ішінде 31 721 (88%) тест жасалып, 417 (1,3%) жағдай оң нәтиже көрсетті. Барлығы ПТР әдісімен толық тексерілген. Оның қорытындысы бойынша 4 емделушіде КВИ анықталып, инфекциялық стационарда емделуде.