Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген 32 жастағы канадалық Мэтт Фрэттин өз карьерасын Нұр-Сұлтанның «Барысында» жалғастыратын болды.
1988 жылдың 3 қаңтарында Канаданың Эдмонтон қаласында дүниеге келген Мэтт кезінде Ұлттық хоккей лигасында да ойнаған. Нақтылап айтсақ, 2011/13 жылдары «Торонто Мейпл Лифс», 2013/14 жылдары «Лос-Анджелес Кингз», 2014 жылы «Коламбус Блю Джекетс» клубтарының намысын қорғады.
2017/19 жылдары «Барыста» өнер көрсетті. Биылғы маусымды «Ақ Барстың» сапында өткізіп, 60 кездесуден кейін 33 (11 гол+22 пас) ұпай жиды. Міне, енді Мэтт Фрэттин қайта қазақстандық команданың жейдесін киді. Бір жақты келісім келесі жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.