• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Мамыр, 2020

Covid-19: Тегін тест кімдерге жасалады?

610 рет
көрсетілді

Коронавирусты анықтайтын полимераздық тізбектік реакция (ПТР/ПЦР) тестін тегін өткізу үшін ел қазынасынан 5,4 млрд теңге бөлінген. Негізінде бір тесттің бағасы шамамен 11,5 мың теңге тұрады. Ендеше, ПТР тест кімдерге тегін жасалады?

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­­ды­ру қорының хабарлауынша, бюд­жеттен бөлінген қаржыдан 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық-диаг­­ностикалық» қызметтер көр­с­ет­е­тін ем­ханаларға бағытталған. Осы медициналық ұйымдарда ем­де­лушілер ПТР-тестен тегін өтеді. Атап айтқанда, COVID-19-ға кү­дік­ті провизорлық ста­цио­нар­ға жат­қы­зылғандар, ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар, коро­навирус жұқтырғандармен жа­қын байланыста болған адамдар, ста­ционарға жоспарлы емдеуге жат­қы­зы­латын пациенттер, тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қан тамыр жүйелерінің ауруларымен динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер, шетелден келгендер, коронавирустың алдын алу шараларына тартылған Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тегін тапсыра алады.

Ал өңірлердегі тестілердің қа­жет­ті санын жергілікті атқарушы ор­гандар айқындайтын болады. Бү­гін­де Әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру қоры COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам меди­циналық ұйымдармен келісімшарт­тар жасаған.

Тегін тестілеуді Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қыз­меттердің сапасы мен қа­уіп­сіздігін бақылау комитетінің «Ұлт­тық сараптама орталығы» да жүр­гіз­ді. Ал бұл санаттағыларға үй карантиніндегілермен байланыс­та болғандар, арнайы жасақтар (рес­пи­раторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері; қарт­тар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған ұйым­дар­дағы адамдар) және әскерге шақы­ры­лушылар жатады.