Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.
20 мамырда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 4 897 492, өлім саны - 323 285, айыққандар саны - 1 688 619 адам болды (жаңартылған уақыты 9:45).
17:30
Ресейде бір тәулікте коронавирусты жұқтырған 8 764 адам тіркелді
Ресей Федерациясының 84 өңірінде COVID-19-ды жұқтырған 8 764 адам анықталды. Қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны — 308 705. Вирусты жеңіп, жазылып шыққандар саны 85 393-ке жетті. Бұған қоса, Ресейде коронавирус инфекциясының кесірінен 135 науқас көз жұмды. Барлығы 2 972 адам қайтыс болған.
10:15
Бразилия науқастар саны бойынша әлемде үшінші орынға шықты
Соңғы үш күн ішінде Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Испания, Италия, Франция мен Ұлыбританияны басып озды. Елде 271 885 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген.
Латын Америкасы елінде жүргізілген тестілеудің аз болуына байланысты ауру жұқтырғандардың нақты саны 15 есе көп болуы мүмкін.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Бразилияда вирус жұқтырғандар санының тез өсуі коронавирус қаупін жоққа шығарып отырған ел президенті Жаира Болсонаруға деген қысымды күшейтеді.
Ж. Болсонару коронавирусты «кішігірім тұмау» деп есептеп, өз аймақтарында қоғамдық өмірді шектеген губернаторларды сынға алған. Оның айтуынша, дүкендердің, мейрамханалар мен мектептердің жабылуы ел экономикасына ауыр тиеді. Коронавирусқа қарсы күрес шаралары төңірегінде бір ай ішінде екінші Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған.
9:45
Дүниежүзінде 4 897 492 адам коронавирус жұқтырды.
323 285 адам қайтыс болды.
1 688 619 науқас құлан-таза айықты.
АҚШ-та 1 528 568 жағдай тіркелді, 289 392 адам сауығып шықты, 91 921 адам қайтыс болды.
Ресейде 299 941 жағдай тіркелді, 76 130 адам сауығып шықты, 2 837 адам қайтыс болды.
Бразилияда 271 885 жағдай тіркелді, 106 794 адам сауығып шықты, 17 983 адам қайтыс болды.
Ұлыбританияда 250 138 жағдай тіркелді, 1 099 адам сауығып шықты, 35 422 адам қайтыс болды.
Испанияда 232 037 жағдай тіркелді, 146 446 адам сауығып шықты, 27 778 адам қайтыс болды.
Италияда 226 699 жағдай тіркелді, 129 401 адам сауығып шықты, 32 169 адам қайтыс болды.