Қарағанды облысында өткен тәулікте COVID-19 пандемиясын жұқтырудың 24 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ауырғандардың қатарында Қарағанды қаласының 13 тұрғыны бар. Олар 21 жастан 62 жасқа дейінгі 10 ер адам және 1990, 1997, 2000 жылдары туған үш әйел.
Сондай-ақ, Теміртау қаласында тұратын 31 жастан 58 жасқа дейінгі сегіз ер адамның, төрт жастағы баланың және 1973 жылы туған әйелдің де коронавирус жұқтырғаны зертханалық негізде расталды. Тағы бір пациент Ақтау қаласынан, 1986 жылы туған ер адам.
Барлық пациенттер бұрын COVID-19 індетін жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған.
Ауырғандар инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Індеттің алдын алу іс-шараларын өткізу үшін науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Бүгінге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысында СOVID-19 жұқтырудың 287 жағдайы тіркелген. Оның ішінде үш науқас осы дерттен қайтыс болып, 156 адам жазылып шықты.
Қарағанды облысы