• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанда қай жерлерге шомылуға болады?

141 рет
көрсетілді

Осы кезеңде күнделікті 20 кәсіби құтқарушы, 14 қайық, сондай-ақ қоғамдық құтқарушылар қатарынан 30 адам, азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығынан 15 адам жұмылдырылады деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Тексеріс қорытындысы бойынша қала аумағында 23 шомылу орны анықталды. Олардың үшеуі ғана ресми рұқсат етілген: орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймағы, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Есен Байыров.

«Аудан әкімдіктерімен бірлескен аралау қорытындысы бойынша Алматы – 3, Байқоңыр – 1, Есіл – 3 және Сарыарқа – 3 аудандарында он учаскеде тегін жағажайлар ашуға шешім қабылданды», – деп атап өтті Е. Байыров.

Сонымен қатар, 9 мамырдан бастап ТЖ департаменті әкімдікпен бірлесіп тыйым салу белгілері мен ақпараттық стендтер орнатып, шомылу орындарының түбін тексеруде. Демалыс орындары мен қалалық жағажай иелеріне ақпараттық хаттар табыс етілді. Жағажай маусымына күнделікті патрульге жеке құрамның 20 адамы, 14 қайық, сондай-ақ қоғамдық құтқарушылар қатарынан 30 адам және қала әкімдігінің азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығынан 15 адам қатысады.

25 мамырдан бастап су айдыны бойында орналасқан тұрғын үй алаптарында, демалыс аймақтары мен тыйым салынған шомылу орындары бойынша халықпен толық ауқымды ақпараттық-үгіт-насихат жүргізіледі. Сонымен қатар, қала акваториясында полиция, ТЖД, Ұлттық гвардия бірлескен рейд өткізу кестесі бекітілді. Сондай-ақ суға түсуге рұқсат етілген және тыйым салынған орындар көрсетілген патруль картасы жасалды. ТЖД мәліметінше, соңғы үш жылда қала акваториясында 43 адам қаза тапты. Оның ішінде әрбір үшінші адам – 9-дан 15 жасқа дейінгі бала. Сол кезеңде қала су айдындарында 50 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды.