• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Қарағандыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

518 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында мәдениет пен өнер қайраткерлері күні мерекесінде осы саланың үздік қызметкерлері Қарағанды облысы әкімінің 2020 жылғы сыйлығымен марапатталды.

Биыл 15-ші рет ұйымдастырылған салтанатты карантинге және жаппай іс-шаралардың өтуіне тыйым салынуына байланысты, онлайн режімде жүзеге асты.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек лауреаттарды қашықтап құттықтап, бұл күнді «Ұмытылмас әсер және жақсы көңіл-күй сыйлайтын адамдардың мерекесі» деп атап өтті. Сондай-ақ, ол үздік қызметкерлерге дәстүрімізді, рухани және адамгершілік мұраларымызды сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Төтенше жағдай кезінде өңірдегі барлық мәдениет ұйымдары қашықтан жұмыс істеуге көшкенімен, аудиториямен байланыс үзілген жоқ. Әншілер мен музыканттар онлайн-концерттер ұйымдастырып, өздерінің шығармашылығымен жерлестерінің карантиндік күндерін түрлендіруге үлес қосты.

Көптеген онлайн жобалар іске қосылды. Үйде отырып, мұражай залдары мен көрмелерге виртуалды түрде баруға, түрлі байқаулар мен викториналарға қатысуға және театр актрисасымен бірге жаттығу жасауға мүмкіндік тудырылды.

Театр цехтарында костюмдердің орнына бірнеше рет қолданылатын маскалар тігіле бастады. Қорғау құралдары дәрігерлерге, балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға тегін таратылды. Сондай-ақ, әртістер мен режиссерлер әлеуметтік роликтер және бейне шолулар түсірді.

Облыс әкімі сыйлығының лауреаттарын 21 аталым бойынша конкурстық комиссия таңдады. Жеңімпаздарға дипломдар, мүсіндер және  ақшалай марапаттар әрқайсысына жеке табыс етілді.

2020 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының лауреаттары болып келесі өнер қайраткерлері атанды:

«Жыл әртісі» – Кондратьев Павел Сергеевич, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының әртісі;

«Жыл әртісі» – Жарымбаева Қымбат Қазиқызы, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі;

«Үздік эпизодтық рөл» – С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Игибаев Құрман Бекмурзаұлы;

«Жылдың театр режиссері» – Дроздецкий Владимир Владимирович, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы;

«Жылдың театр режиссері» – Жанботаева Мируана Досжанқызы, С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының режиссері;

«Жылдың эстрада жанрының вокалисі» – Қалиев Меирлан Нұрланұлы, Егіндібұлақ ауылының мәдени-демалыс орталығының эстрадалық орындаушысы;

«Жылдың классика жанрының вокалисі» – Федорова Елена Михайловна, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының вокал әртісі;

«Жылдың үздік инструменталисі» – Беспалов Алексей Николаевич, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің әртісі;

«Жылдың үздік инструменталисі» – Кикоть Марина Валерьевна,  Академиялық музыкалық комедия театрының оркестрдің аспапшы әртісі;

«Жылдың үздік инструменталисі» – Жакупова Мадина Самитқызы,  Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің әртісі;

«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» – Ыбыраева Меруерт Хайруллақызы, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің әртісі;

«Халық әндерін үздік орындаушы» – Ыбышев Құрмаш Сапанұлы, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» ансамблінің солисі;

«Жыл хореографы» – Қошубаева Дидар Ақанқызы, Абай қаласының «Дидар» үлгілі хореографиялық ұжымының жетекшісі;

«Балет және хореографиялық ұжымның үздік әртісі» – Сорокина Мария Борисовна, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының балет әртісі;

«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» – Ким Валентина Владимировна, Жезқазған қаласы Достық үйі «Диндалле» корей халық ансамблінің көркемдік жетекшісі;

«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» – Желясков Виктор Васильевич, Саңыраулар мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы;

«Ауылдың үздік мәдениет қызметкері» – Азамат Амантайұлы, Бұқар Жырау ауданы Ботақара кенті Мәдениет үйінің халық шығармашылығы бөлімінің басшысы;

«Ауылдың үздік кітапханашысы» – Мұқанова Айнаш Түсіпжанқызы,  Қарқаралы ауданының ОКЖ әдіскері;

«Үздік кітапханашы» – Қойшыбаева Асыл Нұрмағамбетқызы, Сәтбаев қаласының ОКЖ басшысының орынбасары;

«Үздік музей қызметкері» – Сембеков Әділет Ерланұлы, Өспен ауылындағы Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі филиалының меңгерушісі;

«Алтын жол» – Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы, ақын, сценарист, драматург, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жезқазған қаласы;

«Үздік айтыскер» – Жаманов Төлеген Нұрланұлы, Қарағанды облысының ақыны;

«Жылдың үздік суретшісі» – Қалқабаев Мұрат, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Кеншілер мәдениет сарайы «Сыршырай» бейнелеу өнері студиясының жетекшісі;

«Мамандығына адалдығы үшін» – Күлшікенов Нұрлан Жұмашұлы,  Ақтоғай мәдени-сауық орталығының басшысы.

 

Қарағанды облысы