Бұл туралы Білім және ғылым мнистрінің орынбасары Мирас Дәуленов хабарлады. Ведомство өкілі «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары қабылданғанын және сол жаңа ережеге сәйкес енгізіліген бірқатар өзгерістерді баяндады.
«Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысының жаңа регламенті енгізіледі, комиссия мүшелерінің саны 3-тен 5-ке дейін артады. Үміткерлерді іріктеудің жаңа өлшемшарттары енгізіледі. Бұл стипендиаттарды неғұрлым сапалы іріктеуге мүмкіндік береді және Комиссия мүшелерінің объективті емес шешім шығаруына жол берілмейді. Үміткерлермен әңгімелесу президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі», деді вице-министр.