Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды құттықтады. Ведомство басшысы биыл ерекше жағдайда аяқталған оқу жылында жоғарыда аталған үштік одақтың ерен еңбегі барын айтты.
А.Аймағамбетов видео құттықтауында:
«Барлығымыз үшін биылғы 25 мамыр ерекше жағдайда өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Осы оқу жылы 4 млн-нан аса оқушы мен студентке қашықтан оқыту форматында білім алумен есте қалады деп ойлаймын. Қысқа уақыттың ішінде бәріңіз жұмысты жүйелі ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл – ұстаз, ата-ана мен оқушының бңрлескен әрекетінің жемісі. Сіздер жаңа жағдайда жақсы нәтижелер көрсетіп, нағыз ерлік таныттыңыздар», деді.