• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Мамыр, 2020

Францияның экономика министрі Renault көлігі шығарылмайтынын айтты

232 рет
көрсетілді

Бүгінгі жаңалық Еуропаның автоөнеркәсібі мен осы өндірістің ойыншылары үшін жағымсыздау болып тұр. Бұл туралы Евроньюс хабарлады.

Өткен аптада жапондық Nissan Motor өндірушісі негізінен Еуропа аймағында және дамушы елдерде 20000 қызметкерін жұмыстан шығару ойластырып отырғаны белгілі болған болатын.  Ал бүгін Францияның экономика министрі Бруно Ле Мер бұқаралық ақпарат құралдарына Renault  автокөлігін шығару уақытша тоқтатылғанын айтты. Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Ме  бүгін журналистермен кездескен кезде шынайы болуымыз керек екенін, тек шындықты айтуға мәжбүр болып отырғанын айтыпты. «Дағдарыстың қаншалықты ауыр екенін жасырған емеспін және Renault-пен болған жағдайды жасырмаймын. Алайда мен Renault-тың  артында өте білімді мамандар тұрғанын білемін. Сол себебі өндірісті тоқтатуға шешім қабылдадық. Бұл уақытша тыныс алуға мүмкіндік береді» деп ағынан жарылды.

Министрдің бұл мәлімдемесі француздық БАҚ-тың Renault басшылығы елдегі бірнеше өндіріс орындарын, соның ішінде Париж маңындағы Флен қаласындағы зауытты жабу туралы ниет білдірген жорамалдарынан кейін пайда болды. Компания пандемиядан бұрын қиын қаржылық жағдайға тап болды, бірақ оның басталуымен барлық зауыттарын жабуға мәжбүр болды. Еуропада сәуір айында корпорацияның жаңа автомобильдерінің сатылымы 76% -дан астам төмендеді. Автоөндіруші биліктен 5 миллиард еуро несие беруді сұрады.

Келесі аптада Франция президенті Эммануэль Макрон француз өндірушілеріне қолдау көрсету жоспарын ұсынады. Билік Renault ұсынған талаптардың бірі - оның Еуропадағы электромобильдерге арналған аккумулятор өндірісі бағдарламасына акционер ретінде қатысуы.

Peugeot және Total Energy Corporation да жобаға қатысады. «2019  жылдың бірінші жартысында, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанда Renault көлігінің сатылуы екі есеге артып, оның саны төрт мың автомобильге жетті» деп хабарлады «Ведомости» ақпарат құралы.

Белорусияда Renault автокөлігінің сатылуы 29 пайызға артып, 2100 автомобильге жетсе, Ресейде сегіз пайызға төмендеп, 96 421 автомобильді құраған. Басылымның мәліметіне қарағанда, Кедендік елдер аумағында Ресейде жасап шығарылған Renault автокөлігінің сатылымы жоғары. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл кедендік баж салығының болмауымен байланысты.

Renault автоконцерні 2018 жылы ЕАЭО елдеріне  одақ елдері аумағына экспортты екі есеге арттыруды жоспарлағанын, басты импортер Қазақстан болады деп деп үміттеніп отырғанын айтқан. «АСМ-холдингінің»  мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 2018 жылы жеңіл көлік саудасы екі есеге артып, 153 665 автомобильді құраса, ал Renault көлігінің сатылуы төрт еседен артық өсіп, 4920 автомобильге жеткен. Бұл көлік маркалары ішінде сегізінші орын болып табылады.

2018 жылы Беларусь елінің жеңіл көлік нарығында өсім 1/3 болып, 23 991 автомобильді құраған.

Ал Renault көлігінің сатылымы 1,8 есеге артып, 3305 автомобильді құрап, жетекші орынды иеленген.