• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2020

Павлодар: «Мәңгі есімізде» деген сөз 40 тілде жазылған

666 рет
көрсетілді

Облыстық Архив басқармасының мәліметінше, 1920-30 жылдары өңірімзде облысында аштықтан 300 мыңнан аса адам көз жұмған.Саяси жазалау жылдары облыс бойынша 5 мыңдай адам зардап шеккен. 1944 жылдың наурыз айында солтүстік Кавказдан ингуш, шешен, балгар сиқты ұлт өкілдері бар   41 мыңнан астам адам жер аударылған. Саяси қуғын-сүргін кезеңіне қатысты бұл құнды мәліметтер өңірдегі архив басқармасында  сақтаулы.

Архив қызметкерлерінің  айтуынша,  1989 жылдан бастап  сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке тектік құжаттарын жинау басталыпты. Сондықтан алдымен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың істері мен құжаттарының жинағы жасалды.

Жинаққа 400-ден аса негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар жөнінде деректер енген.1999 жылы облыс мемлекеттік архиві  В. Болтина, Л. Шевелованың   «Азалы кітап. Атылғандар тізімі»  атты кітабын жарыққа шығарды. 

Жалпы, кітапқа қуғын сүргінге ұшыраған, жастары  18-ден  82 жас аралығындағы 810 адам жайлы мәлімет бар. 2014 жылы Мәскеудегі «Мемориал» халықаралық тарихи, қайырымдылық қоғамынан жергілікті облыстық архивіне саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар жайлы құнды құжаттар беріліпті.

Ал облыс орталығындағы Қуғын-сүргін  құрбандарына орнатылған ескерткіш кешені 9 бөліктен тұрады. Ескерткіштегі  «Мәңгі есімізде» деген  екі сөз  қуғын-сүргін көрген халықтың санына орай 40 тілде тасқа түсірілген. 

Аралары тікенек сымдармен жалғастырылып, қапталған 7 текше тастың әрқайсында  жеті кезең: ХІІІ  ғ. соңы – 1916 жыл,  1918–1921 ж.ж., 1927–1933 ж.ж., 1937–1938 ж.ж., 1937–1944 ж.ж., 1951–1953 ж.ж., 1986 жылғы 16 желтоқсан  оқиғасы көрсетілген. 

Жыл сайын  31 мамыр жыл сайын қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Бүгінде жұртшылық облыс орталығындағы  қуғын-сүргін құрбандары ескертішінің басына жиналып, гүл шоқтарын қояды.

ПАВЛОДАР