• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

525 рет
көрсетілді

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовте коронавирус анықталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде растады.

«Өткізілген тест нәтижесі Теміртау қаласы әкімінде коронавирустық инфекция барын растады. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйінде. Денсаулық жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр. Кала әкімі ешқандай әлсіздік жоқ екенін айтты. Ол 14 күн өзін-өзі оқшаулап, бақылауда болады. Қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқаратын болады. Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша Теміртау қаласы басшысымен байланыста болған әкімдік қызметкерлерінің арасында оң нәтиже анықталған жоқ.