• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Маусым, 2020

Елордадағы Байтұрсынов көшесі 20 маусымға дейін жартылай жабылды

260 рет
көрсетілді

Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Байтұрсынов көшесінде Қошқарбаев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 5-20 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмаау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.