Аймақта агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бес бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде алқапты жаппай өңдеуден бас тартып, қажетті телімді ғана өңдеу, ет, сүт фермаларын автоматтандыру өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Биыл ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға көп көңіл бөлініп. «Ақылды» ет, сүт фермасы, құс фабрикасы мен өзге де өндірістерді автоматтандыру қолға алынбақ. «Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, 2022 жылға дейін облыс аумағында 381 цифрлық ферма құрылады. Биыл цифрландыру шаралары бойынша пилоттық жоба өсімдік өндірісімен айналысатын 41 серіктестік және ірі қара өсіру ісін қолға алған 33 шаруа қожалығында жүзеге асырылады. Егіншілік ісінде заманауи агрегаттарды пайдалану көзделген. Сонымен қатар, диқандарға дән сіңірудің инновациялық жүйесін қолдану ұсынылды. Бұл ретте, оларға мемлекеттік қолдау шаралары жақсы дәрежеде көрсетіледі», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Цифрлық технологияларды енгізудің жемісін диқандар біраз жылдардан бері көріп келеді. Мәселен, алқапты сұрыптап өңдеу технологиясын енгізу арқылы диқандар өндіріс тиімділігін жақсарып, жанар-жағармай шығынын азайтуға қол жеткізген. Нәтижесінде астық түсімі 3 центнерден 5 центнерге дейін ұлғайған.
Қостанай облысы