Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеден бастап жалғасатын болды.
Өткен аптада Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында халыққа есеп беру кезінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 1 шілдеден бастап елімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, спорттық жарыстарды өткізуге рұқсат берілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатын қайта жалғастырудың екі нұсқасын ұсынған еді. Біріншісі – жарысты жанкүйерлерсіз 15 маусымнан бастап жалғастыру, ал екіншісі – клубтарға ойындарды жанкүйерлерсіз өткізуге 1 шілдеден бастап рұқсат беру.