• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2020

СҚО полицейлері табиғатты қорғау заңнамасының 443 бұзушылығын анықтады

189 рет
көрсетілді

Қоршаған ортаны қорғау міндеті де полицейлердің мойнында. Биылғы жыл басынан бері СҚО полицейлері табиғатты қорғау заңнамасының 443 бұзушылығын анықтады.  

Әрине, бұл іс тек полицейлердің мойнында емес, оларға табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекцияларының өкілдері, экологтар және ветеринарлар көмек беріп отырады. Олармен бірлескен заңсыз аң аулау, балық аулау, сондай-ақ ағаш кесу фактілерін  анықтау бойынша рейдтер, экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізіліп тұрады.

Жоғарыда аталған 443 құқық бұзушылықтың жануарлар әлеміне қатыстысы – 263, өсімдіктер әлемі саласында – 6, балық шаруашылығы саласына қатыстысы– 174 болған. Осылардың ішінен 25 түрлі экологиялық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілді. Ал аң аулау тәртіптерін бұзған 252 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Солтүстік Қазақстан облысы