• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Парламент 10 Маусым, 2020

Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде есеп қаралып жатыр

161 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпы отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. Ол 2019 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы қалыпты экономикалық өсу жағдайында жүзеге асырылғанын, ІЖӨ-нің өсу қарқыны 4,5%-ды құрағанын атап өтті.

"Негізгі салаларда өндірістің ұлғаюы, ішкі сұраныстың кеңеюі және қызмет көрсету секторларының дамуы, жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнес үлесінің ұлғаюы, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру экономиканың өсуінің негізгі факторлары болды. 2019 жылы негізгі  капиталға инвестициялардың көлемі 8,5%-ке өсті. Салалар арасында инвестициялардың елеулі өсуі ауыл шаруашылығында – 41,1%, өнеркәсіпте – 15%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда 14,7% байқалды. Үкімет жұмысының басымдықтары – жұмыспен қамтамасыз ету, көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау жөніндегі шараларды кеңейту және күшейту", – деді министр.

Оның айтуынша, сондай-ақ есепті жылы Президент тапсырмасын орындау барысында халықтың әлеуметтік-осал топтарының екінші деңгейлі банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы 716 мың  кепілсіз тұтыну қарыздары өтелді. Негізгі борышты төлеу шартымен өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылықты 56 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі мен 750 мыңнан астам жеке тұлға пайдаланды.