• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият 11 Маусым, 2020

Димаш Құдайбергеннің алғашқы қазақша альбомы жарық көреді

Әнші Димаш Құдайберген ең алғашқы қазақша альбомын әзірлеп жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

- Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы "Отан ана", "Сағым дүние", "Қайран көңіл-ай" сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс істеп отырмыз. Мен Пекинде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасағанның өзі үлкен бақыт қой!"- деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Соңғы жаңалықтар