"Бавария" кеше кешке Германия кубогы үшін жартылай финалдық ойында "Айнтрахт"-ді 2:1 есебімен тізе бүктірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталмыш ойында Мюнхен командасының шабуылшысы, Польша құрамасының белді ойыншысы Роберт Левандовский қарсыластар қақпасына бір доп тоғытты.
Жасы 31-ді еңсерген бұл азамат осы маусымда 39 ойынға қатысып, 45 голдың авторы атанып, Бундеслиганың көшін бастады.