• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Маусым, 2020

Масаң күйде көлік айдаған азамат абақтыға қамалды

324 рет
көрсетілді

“Участок” жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі Керейтбаев көшесінің бойында “Мазда-626” автокөліктігін тоқтатады. Көлік руліндегі 52 жастағы  тұрғынның машинаны ешқандай құжатсыз және мас күйінде басқарғаны анықталған, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру барысында оның өткен жылы сот шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғандығы белгілі болды. Бірақ заңға бағынбаған азамат көлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарып, басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.    

Өз кезегінде полиция қызметкерлері оны наркологиялық орталыққа жеткізді. Сараптама қорытындысы оның орта дәрежедегі мас күйінде болғандығын көрсетті.

Тәртіп бұзушы дереу Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.