• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2020

СҚО-да із-түссіз жоғалған 58 адам табылды

421 рет
көрсетілді

Жоғалғандардың дені арақ-шарап ішумен тығыз байланысты. Өкінішке орай жасөспірімдер арасында да ондайлар өрістеп отыр. Бірге жүрген жолдастарымен өздеріне қызықты кешті жалғастыра түсу үшін ондайлар қалтафондарын ағытып тастап, бір-екі күн бойы жоғалып кететін оқиғалары көп. Ата-аналары болса шырылдап, полицияға жүгінеді. «Із-түссіз жоғалғандарды жақындарына алаңдатушылық тудырамын деген ой мүлде мазаламайды, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.

Әрбір жоғалған адам фактысы бойынша іздестіру жұмыстарын криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полицейлер жүргізеді. Іздестіру шараларында жоғалған адам туралы барлық мәліметтер жиналады. Жуырда Қызылжар ауданы тұрғынын іздеуге ТЖД қызметкерлері де белсене қатысты. Өйткені бұл адамның психикалық ауытқушылығы бар екен, ал мұндайлардың өз еркі өзіне тигеннен кейінгі іс-әрекеті өте қауіпті. Әйтеуір ол дер кезінде табылды.

Іздеу шаралары кезінде полицейлердің назарынан көңіл-көтеру орындары, жалдамалы пәтерлер тыс қалмайды. Сондайдың бірінен, ата-анасының мәліметі бойынша, жоғалғанына алты күн болған 38 жастағы әйел табылды. Әйел өзінің анасының полицияға жүгінгеніне аң-таң болады, ол өзінің бұл әркетін қалыпты жағдай деп санайды екен...

ПЕТРОПАВЛ