• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Маусым, 2020

Елордада қанша көше жөнделді?

384 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде. Биыл елордада жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделеді. Оның ішінде 100 көше тұрғын үйлер орналасқан көшелер. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үйлер орналасқан бірқатар көшелердегі жол жұмыстарының барысымен танысты. "Өндіріс" тұрғын үй алабының тұрғындарының айтуынша, Ақбидай көшесінде бұрын асфальт болмаған. "Біздің көшелерге алғаш рет асфальт төселді, енді балшық, лай болмайды деп сенеміз. Көктемде үйімізді бірінші рет су баспады, себебі ауданды қардан уақытылы тазалады", - деді "Өндіріс" алабының тұрғыны Наталья Фельде.

Тұрғын үй алабының тұрғындары көптеген мәселелерді көтерді. Мәселен, балаларға арналған алаңдар, кәріз жүйесін жүргізу, судың ағынын арттыру және т.б. мәселелерді атап өтті. Биыл елордада 150 аула абаттандырылады, сонымен қатар тұрғын үй алаптарында үш спорт кешенінің құрылысы басталады. Әлеуметтік тұрғын үйлер мен Тілендиев даңғылындағы жылу магистралі құрылыстары жүргізілуде. Бұл ауданда орналасқан барлық үйлер мен ғимараттарды орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жеке секторға газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар қозғаған мәселелер бақылауға алынды.

Бүгінде 26 көшеде: Абай даңғылы, Жеңіс даңғылы, Шұғыла көшесі, Бұхарбай батыр көшесі, Асан Қайғы көшесі, Нұржол бульвары, Московская көшесі, "Тұлпар" көпіріндегі бұрылыс жолы, Таха Хусейн көшесі, С. Торайғыров көшесі, Тұран даңғылы, М. Мақатаев көшесі, Кенесары көшесі, Нұрлыжол көшесі, Достық көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы, Өндіріс көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның ішінде бірқатар тұрғын алаптарында жөндеу жұмыстары аяқталды. Олар: Ақпан, Жолымбет, Беласар, Балуан Шолақ, Қырыққыз, Марқакөл, Қарасаз, Нұрлы, Ақберген көшелері. Қазіргі уақытта 30-дан астам көшеде, оның 21-і тұрғын үй алаптарында, жөндеу жалғасуда: Орхон көшесі, Шырайлы қиылысы, Қапал көшесі, М. Төлебаев көшесі, А. Байтұрсынов көшесі, Маралсай қиылысы, Желдірме қиылысы, Қоғалы қиылысы, Қамажай көшесі, Тайсойған көшесі, Ақбидай көшесі, Кеңшалғын көшесі, Өндіріс көшесі, Ақшағыл көшесі, Басықара батыр көшесі, Сонар көшесі, Сырғалы көшесі, Аққайың көшесі (Көктал-1 ЖМ). Сондай-ақ, Конституция, Әл-Фараби (Угольная), Д. Қонаев, Қ. Сәтпаев, А. Байтұрсынов, Ы.Дүкенұлы, Фахд бен Абдул Азиз, Угольная көшесінің жалғасы (теміржол ТА), Түркістан, Ақмешіт көшелері. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша биыл 15 мың жұмыс орны ашылып, жол жұмыстары бойынша 1,5 мың бос орын бөлінеді. Бірінші кезекте азаматтар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады.