• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Маусым, 2020

Конституция көшесі 15 маусымға дейін жартылай жабық

309 рет
көрсетілді

Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жол желісін орташа жөндеу аясында Конституция көшесінде Қарталы көшесінен Есенберлин көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында осы учаскеде қозғалысты ішінара тоқтату жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек", – делінген хабарламада.