• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2020

Алматыда тауда қалған 9 турист құтқарылды

269 рет
көрсетілді

Алматы қалалық Құтқару қызметінің мәліметінше, тауда қалған 9 турист дін аман қалаға оралды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған қызметтің баспасөз мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні түнде Панорама шыңына жақын маңда аяғынан жараланған турист төменге түсірілген. Шыңға шығып бара жатып, жолдан адасқан бес туристің бірі таулы аймақта аяғын жаралап алған. Таңға дейін жалғасқан құтқару операциясының нәтижесі бойынша күні кеше тауда қалған 9 турист құтқарылған.

Сондай-ақ құтқарушылар өткен демалыс күні Талғар асуында бұғанасы шығып кеткен 31 жастағы әйелге таудың етегіне түсуге көмектессе, сол күні кешкілік мезгілде теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктіктегі Букреев шыңында адасқан 3 туристке жол көрсетіп, олардың қалаға сәтті оралуына көмектескен.