Сыр бойының бренді саналатын күрішке шетелдер тарапынан да сұраныс жоғары. "Абзал және Компания" толық серіктестігінің "Элита" бренді Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Тәжікстан, Моңғолия мен Ауғанстанға экспортталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Абай Дәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш зауыты аймақтағы ірі өндіріс орнының бірі саналады. Корей технологиясымен жабдықталған кәсіпорын шығарған өнімнің 60проценті сыртқа жіберіледі.
Айта кету керек, облыста Сыр салысын жаңа технологиямен өңдеу жұмыстары да жүйелі жолға қойылған. Осы бағытта аймақта 45 ірі және 29 кіші зауыт жұмыс істейді. Оның 27-і халықаралық стандартқа сай. Бүгінде осы кәсіпорындар 408,5 мың тонна өнім өндіріп, көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен. Ал жалпы күріш экспорты көлемі 31 % ұлғайған.