• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 22 Маусым, 2020

Жарыс кестесі жарияланды

111 рет
көрсетілді

Жеңіл атлетикадан Монакода өтетін «Гауһар лигасының» жарыс кестесі жарияланды. Турнир 14 тамызға жоспарланған.

Байрақты бәсекеде ерлер 200, 800, 1500, 5000 метрге, 110 метрге кедергі­лермен, 3000 метрге кедергілермен жүгі­ру және сырықпен секіруден сынға түседі. Әйелдер арасындағы жарыс бағдарламасы 100, 400, 1000 және 5000 метрге жүгіруден, сондай-ақ биіктікке және үш қарғып секіруден тұрады.

«Гауһар лигасында» үш қарғып секіру бойынша Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 2012 және 2017 жылы жеңімпаз атанған. Жаһандық доданың кейінгі бәсекесі 16 тамызда Англияның Гейтшид қаласында өтеді.