• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Маусым, 2020

Сирек кездесетін Күннің тұтылуы Азия елдерінде байқалды

776 рет
көрсетілді

Аспан әлемін бақылаушылардың айтуынша, Батыс Африканың кейбір жерінде, Араб түбегінде, Оңтүстік Азияда, Қытайдың оңтүстігінде және Таиваньда күннің күрт тұтылуы байқалған, деп жазады Egemen.kz

Ерекше құбылысты байқап қалған фотографтар лезде фотоға түсіріп алады. Онда Ай Жер мен Күннің арасынан өтіп, сақина секілді пішін қалдырған. 

Бұл тұтылу жаздың жарты күнімен сәйкес келгендіктен, жылдың солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күні болып есептеледі. Сақиналы тұтылу мерзімі жыл сайын немесе жылына екі рет қайталанып тұрады. Ол ғаламшарымыздың орталық сызығындағы тар жолақша арқылы өтеді. Ал осы тұтылудың максималды уақыт нүктесі 90 секундтан аз уақытқа созылды. 

Орталық сызықтан жүздеген шақырымда орналасқан адамдар нақты тұтылуды көре алмады. Дегенмен, олар күн сәулесінен ағып жатқан сәулені байқағандарын айтады. Астрономдардың айтуынша, тұтылуды байқау 500 Вт шамнан 30 Вт шамға ауысуға тең.