• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Маусым, 2020

ИИДМ-да селекторлық кеңес өтті

175 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңір әкімдіктеінің өкілдерімен селекторлық режимде кеңес өткізді. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын барысында Индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың даму барысы талқыланды.

Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде тау-кен металлургия кешенінде, құрылыс индустриясында, химия өнеркәсібінде, машина жасауда, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешенде, тамақ өнімдерін өндіруде 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны іске асыру көзделіп отыр. 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Кеңес барысында Министр салынып жатқан нысандарды тапсыру мерзімін бақылауды тапсырды. Аймақ өкілдеріне құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кестесін қайта қарау және карантин шаралары алынғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар объектілер құрылысының қарқынын күшейту қажеттілігі туралы тиісті ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес өңірлерде жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлікті қолдау карталары бойынша қосымша жұмыстар жүргізуі тиіс.         

Сондай-ақ, Қарағанды облысының өкілдері ТОП-10 Меморандум жобалары жайында баяндаса, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы әкімдіктерінің өкілдері кәсіпкерлікті қолдау картасына жаңа жобаларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың дамуы туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов баяндады.

Ол өз сөзінде инвестицияларды тарту және АЭА жобалармен толтыру мақсатында тұрақты негізде АЭА қызметінің басым түрлерінің тізбесі толықтырылып, АЭА аумағы кеңейтіліп тұратындығын атап өтті. Мысалы, 2019 жылдың өзінде жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу, зергерлік бұйымдар өндірісі, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы салаларында 22 жаңа қызметпен толықтырылды.

Биыл "Астана – технополис", "Qyzyljar", "Ақтау теңіз порты" АЭА аумақтары кеңейтілді, сондай-ақ "Turkistan" АЭА (әуежай қызметі, "Керуен Сарай" кешені), "Ақтау теңіз порты" ("AktauResortHotel" қонақ үй кешені), "Инновациялық технологиялар паркі" (интернет сауда үшін) қызмет түрлері кеңейтілді, "Павлодар"АЭА қатысушылары үшін нөлдік мөлшерлеме бойынша қосымша құн салығы салынатын тауарлар тізбесі кеңейтілді.

Сондай-ақ АЭА мен ИА дамыту үшін ерекше индустриялық аймақ құру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Өз кезегінде министр көптеген АЭА мен ИА бойынша олардың дамуына байланысты түйткілді мәселелер бар екенін атап өтті. Мысалы, инженерлік инфрақұрылымды аяқтау жөніндегі жұмыстың баяулығы, сапалы жобалармен толықтыру және тиімсіз басқаруды айтуға болады. Осы ретте Бейбіт Атамқұлов бұл бағытта жұмысты күшейтіп, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, АЭА одан әрі дамыту және оларды жоғары сапалы деңгейге шығару мақсатында АХҚО режимін АЭА-ның барлық қатысушыларына тарату мәселесін пысықтау қажет. Бұдан бөлек, индустрияландыру бағдарламасы аясында экспортқа бағытталған өндіріс жобаларына ерекше назар аудару қажет.

Анықтама: Қазақстанда қазіргі уақытта 13 АЭА жұмыс істейді. АЭА аумағында барлығы (2002 жылдан 2019 жылға дейін) 185 жоба іске қосылды.

Өнім өндірісінің көлемі 2,6 трлн. теңгені, өнім экспортының көлемі-214,5 млрд. теңгені құрады. 

21 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бюджетке салық түрінде 175,8 млрд. теңге (ЖТС, әлеуметтік салық, айналымдық ҚҚС) қайтарылды.

Барлық АЭА инфрақұрылымын салуға арналған бюджеттік шығындар 344,3 млрд.теңгені құрады, бұл ретте тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 3,1 трлн. теңгеден асты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне - 1,1 трлн.теңге, ал елорданың әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция салынды.

Яғни, АЭА инфрақұрылымына салынған 1 бюджеттік теңге өңдеуші өнеркәсіпке 3,3 теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді(шетелдік қатысу үлесі 45% құрады).

Сондай-ақ, Қазақстанда 22 индустриялық аймақ құрылды және жұмыс істейді. Индустриялық аймақтарда жалпы инвестиция көлемі 233 млрд.теңгеге жуық 149 өндіріс іске қосылды.

7,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Инфрақұрылымға мемлекет тарапынан 45,8 млрд. теңге салынды. Осылайша, салынған 1 бюджеттік теңгеге 5 теңге инвестиция тартылды.

Индустриялық аймақтар аумағында қазірдің өзінде төленген салық аударымдары 22,6 млрд теңгені құрайды.