«Астана» велокомандасы пандемиядан кейін басталатын турнирге қатысатын үздіктерді анықтады.
Велоспорттан Қазақстанның мақтанышына айналған 2018 жылғы Азия ойындарының және Қазақстан біріншілігінің чемпионы Алексей Луценко маусымды Италияда өтетін «Страде Бьянке» «Гран Триттико Ломбардо», «Милан-Турин» және «Милан-Сан Ремо» жарыстарына қатысады. Содан соң, команданың тағы бір үздігі колумбиялық Мигель Анхель Лопеспен бірге «Критериум дю Дофине» турнирінде бақ сынайды. Сондай-ақ екі велошабандоз жылдың үздік Гранд-туры саналатын «Тур де Франс» велокөпкүндігінде сынға түсетінін де айта кеткен жөн.