• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2020

Алтайда жаңа үйлер салынады

480 рет
көрсетілді

Алтай деген жаңа атауға ие болған ауданда жаңа құрылыстар бой көтеруде. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын Алтай деген жаңа атауға ие болған Алтай ауданы күннен күнге көркейіп келеді. Алтай қаласында абаттандыру жұмыстарынан бөлек тұрғын үй құрылысы да қарқын алған. Алтай ауданының сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ерлан Маматаевтың айтуынша, биыл шаһардың 10 ықшам ауданындағы Рудный көшесінде 20 үш пәтерлі және 40 екі пәтерлі үйдің құрылысы басталады. «Бұдан бөлек Алтай қаласында тағы да екі үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Бірі - 100 пәтерлі, екіншісі – 60 пәтерлі. Сонымен қатар Серебрянка қаласында 60 пәтерлі үй салу жоспарланған» дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы